«Сот кабинеті» сервисінің жұмысын жандандыру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында «Сот кабинеті» ақпарттық сервисін кең көлемде насихаттау және түсіндіру тақырыбында  семинар өтті.

Аталған шараға Атырау облыстық сотының бөлім басшылары, сот мамандары, «Цесна Гарант», «Казахинстрах», «Номад Иншуранс» сақтандыру компанияларының өкілдері, нотариалдық палатаның өкілдері және мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігі басқармасының өкілдері қатысты.

Семинарда Атырау облыстық сотының талдау-жоспарлау бөлімінің бас маманы Б.Қаражанов баяндама жасады. Бұл сот жүйесінің де, оған шағымданушы азаматтардың да  қызметін анағұрлым жеңілдетіп, олардың уақыты мен қаражатын үнемдеуге, сот жүйесіндегі қол жетімділікке, ашықтыққа кең жол ашып, бюрократтық кедергілерге жоюға, қызметкерлердің азаматтармен байланысын азайтуға, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді.

Іс-шараны өткізу кезінде қатысушылар «Сот кабинеті» сервисінің қызметі туралы бейне-роликтерімен көрнекі түрде таныстырылды.

Атырау облыстық сотының ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысы Ж.Жұмалинның семинарға қатысушыларға «Сот кабинеті» сервисін  пайдалану туралы ережелермен таныстырды.

Кездесу соңында шараға қатысушылардан туындаған сұрақтарға жауаптар беріліп, бұндай шара бұдан әрі басқа мекемелерде жүргізілетіндігі атап айтылды.

 

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі