Сот жазасын өтеп келген сотталғанға әкімшілік қадағалау тағайындады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Мақат аудандық сотына Мақат аудандық ІІБ ЖПҚ басшысының бас бостандығынан айыру жерлерінен босатылған Мақат поселкесінің тұрғыны С.Т.-ға қатысты әкімшілік қадағалау орнату туралы ұсынысы түсті.

Әкімшілік қадағалау, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тараптарынан құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, олардың мінез-құлқын қадағалау түріндегі мәжбүрлеу шарасы ретінде, судьяның қаулысы негізінде ішкі істер органдары жүзеге асырады. Тиісті тұлғаларға қатысты  әкімшілік қадағалау орнату қажеттілігі ішкі істер органдарының куәландыратын материалдары әкімшілік қадағалау орнату негіздері болып табылады.

Іс құжаттарынан анықталғандай, бұрын сотталған С.Т. бас бостандығынан айыру орындарынан босағаннан кейін, өзіне тиісті қорытынды жасамай, қоғамдық тәртіпті бұзып, бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған және құқыққа қарсы өмір сүруін тоқтату туралы ескертілген.

Сот анықталған мән-жайларды ескеріп, ішкі істер органдарының ұсынымын қанағаттандырып, Мақат поселкесінің тұрғыны С.Т.-ға қатысты заңмен белгіленген шектеулер қолдана отырып, 6 айға әкімшілік қадағалау орнатты. Ол сағат 23.00-ден 06.00-ге дейінгі уақытта мекен-жайынан кетуге, ішкi iстер органдарының рұқсатынсыз аудан шегiнен тыс жерлерге шықпауға, ІІБ ЖПҚ-не айында 3 рет тіркеу үшін келуіне міндеттелген.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

 

Источник: 
Атырау облысы Мақат аудандық сотының баспасөз қызметі