Тараптар медиация рәсімдерін өткізу туралы өтініш білдірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында жеке санаттардағы дауларды (жанжалдарды) сотқа дейін реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның іске асырылу аясында талап қоюшы М.А.-ның жауапкер Б.М.-мен  араларындағы некені бұзу туралы  азаматтық ісі қаралды.  

Азаматтық іс сот өндірісіне қабылданып, қозғалғаннан кейін сот тараптарға жекелеген санаттардағы дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны іске асыруға қатысу туралы хабарламаны, кәсіби медиаторлардың тізімін, талап арыз бен  сот талқылауына дайындық жүргізу туралы ұйғарым көшірмесін жолдайды.

Тараптар пилоттық жоба аясында медиация рәсімдерін өткізу туралы өтініш білдіріп, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы өзара келісімге келді.

Сот пилоттық жобаны іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының АПК-нің 277-бабының 6-бөлігіне сәйкес дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітіп, істі өндірісінен қысқартты.

Қазақстан Республикасының АПК-нің 278-бабының 3-тармағына сәйкес 681 теңге көлемінде мемлекет кірісіне төленген мемлекеттік баж талап қоюшы М.А.-ға қайтарылды.

Судья тараптарға азаматтық істі өндірісімен қысқарту салдарын түсіндірді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі