Ювеналды сот қызметкерлері қоғамдық ұйымда кездесу өткізді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты сот төрелігін іске асырумен қатар, өз қызметін жергілікті деңгейде балалармен жұмыс жасайтын өзге де мемлекеттік құқық қорғау органдарымен: әкімдікпен, полициямен,  білім беру және денсаулық сақтау жүйелерімен, қоғамдық ұйымдармен, психологтармен үйлестіріп келеді.

Атырау облысының кәмелетке толмағандардың  істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының судьясы Ғизатолла Отарұлы  «Атырау. Шағын мемлекет» үкіметтік емес ұйымының денсаулығы кем балаларды қалпына келтіру орталығында болып, жасы кәмелетке толмаған балалардың ата-аналарына балаларының заңды құқықтары мен мүдделерінің қорғау мақсатында құқықтық түсіндірме жұмыстарын жүргізіп қайтты.

Кездесу барысында судья  Ғ.Отарұлы қатысушыларды қызықтыратын қолданыстағы қылмыстық, азаматтық және әкімшілік  заңнамалардың ерекшеліктеріне қатысты, ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы туралы жауапкершілік мәселелері бойынша сұрақтарына жауап берді.

Кездесу соңында «Атырау. Шағын мемлекет» қоғамдық ұйым орталығы мүшелері  сот қызметкерлеріне  өз алғыстарын  білдірді.

Қайнар: 
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық сотының баспасөз қызметі