Заңсыз жолмен табылған балық-қылмыс

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196 бабының 1-бөлігімен сотталушы Г.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (көрiнеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi иемдену немесе өткізу).

Сотта анықталғандай, сотталушы Г. 2017 жылдың мамыр айында Индер ауданының Өрлік ауылынан өзіне бұрын таныс емес азаматтардан салмағы 1 240 кг. болатын қаракөз балықтарын әр килограмын 20 теңгеден сатып алып, заңсыз тасымалдап, полиция қызметкерлерімен ұсталған.

Сот оны Қазақстан Республикасының ҚК-нiң 196 бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі