Жеке айыптау ісі медиация тәртібімен қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Жекеше айыптаушы С.И. сотқа өзінің денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін азаматтық некеде тұратын С.Х.-ны қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап жекеше айыптау тәртібімен сотқа шағыммен жүгінген.

Сот жәбірленушінің шағымын өз өндірісіне алды.

Сот отырысының барысында жәбірленуші С.М., сотталушы С.Х. және кәсіби емес медиатор К.Жармухамбетовпен медиация туралы келісім жасақталты.

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотының қаулысымен жекеше айыптаушының медиация тәртібімен айыптаудан бас тартуына байланысты С.Х.- ны қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін айыптау туралы қылмыстық іс бойынша өндіріс қысқартылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі