Жолаушы автобус ішіндегі басқа жолаушыға тиіскені үшін 3 тәулікке қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен Т.Н.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Құқықбұзушы Т.Н. Алмалы ауылының жолаушылар тасымалдайтын автобусына мініп, жәбірленуші К.К.-нің қасына отырған.

Кейін жол үстінде жолаушы Т.Н.  өзінің көршісіне тиісе бастап, олардың арасында келіспеушілік туындаған, ескертулерген ол мән бермеген.

Нәтижесінде құқықбұзушы азаматша К.К.-ға қатысты ашу шақырып, оны былапыт сөздермен балағаттаған. 

Сот, құқықбұзушы Т.Н.-ны Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі