Жылыой аудандық соты көшпелі сот отырысында әкімшілік іс қарады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Жылыой аудандық Мұнай және газ колледжі ғимаратының залында әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кәмелет жасына толмаған азамат Қ. – ға қатысты көшпелі сот отырысы өтті.

Сот отырысы аталған колледж студенттернің қатысуымен өткізілді.

Іс материалына сәйкес, құқықбұзушы Қ. 2017 жылдың мамыр айында Құлсары қаласындағы «Жеңіс» саябағы маңында қоқыс қалдығын арнайы қоқыс жәшігіне тастамай, жерге лақтырып, қоғамдық орынды ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Сот отырысында кәмелет жасына толмаған құқықбұзушы Қ. – ның заңды өкілі анасы баласының тәртібі жақсы екенін, тәртіпсіздікті мүлдем жасамайтынын, өзі қадағалап отыратынын, баласының бірінші рет абайсызда осындай әрекет жасағанын көрсетіп, баласын кешіруді сұрады.

Сот Қ.-ның әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын, кәмелет жасына толмғанын, әрекетіне шын жүректен өкінуін ескеріп, оны әкімшілік жауаптылықтан босатуды жөн деп табады.

Сотпен құқықбұзушы Қ. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 434 – бабының 1–бөлігімен көзделген әкімшілік жауаптылықтан босатылды. 

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі