Архив событий

09/03/2017

Алғыс айту сөздері

09/03/2017

Атырау облыстық сотының төрағасы М.Ж.Бектұрғановтың атына «УМИТ АИС» ЖШС-нің директоры А.Нурлугужиевтан Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы А.Нурлугужиев Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Хабаров Жанат Саматұлына жоғары кәсіби біліктілігі, заңдылықты білу жан-жақтылығы, қызметте объективтілігі мен толеранттылығы, тәртібі мен тактісі үшін, сонымен қатар, процесті үздік жүргізгені және Қазақстан Республикасының заңдарын қатал сақтағаны үшін алғысын білдірген.

Медиация көмектеседі!

09/03/2017

Тараптар арасындағы дау медиация тәртібімен сотта шешімін тапты

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индер-Мақсат Несие Серіктестігі» ЖШС-нің жауапкер Б.А.Амангалиев жеке кәсіпкерінен 1 249 400 теңге негізгі қарыз, 120 126 теңге сыйақы, 2 053 707 теңге өсім өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Ең алдымен жосықтылық!

09/03/2017

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті сотта «ALEMComputers» ЖШС-не талап қойып, оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тануды талап етті.

Талап қою талабының негіздемесі ретінде тараптар арасында 2016 жылың 10 қазанында жасалған мемлекеттік сатып алу туралы №288 санды келісім-шарт бойынша жауапкер өз міндеттемелерін орындамағандығын көрсетті.

Барлық жаңалық - халық үшін

09/03/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны халыққа бұқаралық аппарат құралдары арқылы түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында  үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, аудан әкімі апаратының өкілі және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел  өтті.

Шараға жергілікті телеарна тілшісі мен кәсіби емес медиаторлар қатысты.

Атырауда аудан әкімі мен экономика және қаржы бөлімінің басшысы сотталды

09/03/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Исатай ауданының экс-әкіміне және аудандық әкімдіктің экономика және қаржы бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушылар   Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 28 бабының 2 бөлігі, 367 бабының 2 бөлігі (Пара беру), 189 баптың 3 бөлігі 2 тармағындағы (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) қылмыстарды жасады деп айыпталған.