Архив событий

30/03/2017

Сотқа құрметтемеушілік білдіріп, кешігіп келгені үшін ескерту жазасы қолданылды

30/03/2017

Атырау қалалық сотының өндірісінде талап қоюшы Г.С.-ның жауапкер Ғ.С - ға талабы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Тараптар сот отырысына 2017 жылғы 27 ақпан сағат 15:00-ге шақырылған. Алайда, сот отырысына сотқа шақыру уақытылы хабарланса да Г.С. белгісіз себептермен сот отырысына 1 сағат 15 минутқа кешігіп, сотқа құрметтемеушілік білдірді. 

Сот отырысында Г.С. өз кінәсін мойындап, кешірім сұрады.

Көрінеу жалған жауап берген үшін сотталды

30/03/2017

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 420-бабының 2-бөлігімен айыпталған Б.С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, сотталушы Б.С. Қазақстан Республикасының ҚК-нің 287-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 9) тармағымен, 24-бабының 3-бөлігімен, 99-бабының 2-бөлігінің 1), 6), 9) тармақтарымен айыпталған А.К.-ға қатысты қылмыстық іс бойынша аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы көрінеу жалған сөз жеткізгені үшін қылмыстық жауаптылығы ескертіле тұра, куә ретінде көрінеу жалған айғақтар берген.

"Жолдау «Қазақстан-2050» стратегиясы мақсаттарына қол жеткізетін алтын көпір" - Б.Дюсебалиева Жылыой аудандық сотының төрағасы м.а.

30/03/2017

Елбасының 31 қаңтар 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы:жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында Атырау облысының Жылыой аудандық соты төрағасының міндетін атқарушы Б.Дюсебалиева жергілікті «Кең Жылыой» газетінің тілшісі Е.Қошақановпен кездесті.

Шара барысында төрағаның міндетін атқарушы Елбасы Жолдауының мақсатын түсіндірді.