Архив событий

25/03/2017

Атырау қаласының әкімшілік соты сенбілік өткізді

25/03/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында көктем шығып, күн жылынып, аптаның сенбісінде сенбілік өткізілді.

Кешегі өткен сенбіде әдеттегідей судьялар мен  кеңсе қызметкерлері жұмыс үстелдерінен емес, табиғат аясынан табылып, тазалық жұмыстарын жүргізді. Әр шара сайын кезекті түрде сот ғимаратының ішкі-сыртқы бөліктері, есік-терезелер тазаланып, сүртілсе, аулаларда көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Өзін қоршаған ортаны сақтап, қамқорлық көрсетіп тұру – бұл әрбір қала тұрғынының міндеті.