Архив событий

13/03/2017

Базарда рұқсат етілмеген кітаптарды саудалаған

13/03/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 490 - бабының 1 бөлігінің 3 тармақшасымен (діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, шығаруға, басып шығаруға және (немесе) таратуға) құқықбұзушы Т.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша медиациялық келісім бекітілді

13/03/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында талап қоюшы К.А.-ның жауапкер Х.Д.-ға әкелікті анықтау және алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы К.А. сотқа берген талап арызында 2008-2009 жылдар аралығында жауапкер Х.Д.-мен кездесіп жүргенін, содан 2009 жылдың шілде айында жауапкер Х.Д.-дан ұл бала туғанын, сол кезде жауапкер Х.Д. баланың әкесі екенін мойындамай6 үйленуден бас тартқанын, балаға әкелікті анықтап және оны асырап-бағу үшін өзінің пайдасына алимент өндіруді  сұраған.

Тараптар бітімгершілік келісімге келді

13/03/2017

Атырау облысының мамандандырылған ауданарлық экономикалық сотының  ұйғарымымен азаматтық іс тараптар «VicArt-Technology» ЖШС-гі және «Sinopec Engineering (Group) CO.. LTD». компаниясының бітімгершілікке келуіне байланысты қысқартылды.

Бітімгершілік келісіммен «Sinopec Engineering (Group) CO.. LTD». Компаниясы  №7 санды 2016 жылғы 30 қыркүйектегі  5 286 937 теңгені құрайтын жұмыс жасау актісін мойындап, жұмысты жасалды және төленеді деп таниды.

Өзбекстан азаматшасы жауапкершілікке тартылды

13/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Өзбекстан азаматшасы  А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен көзделген, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуға байланысты әкімшілік құық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Өзбекстан азаматшасы жауапкершілікке тартылды

13/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Өзбекстан азаматшасы  А.-ға қатысты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 517 бабының 4 бөлігімен көзделген, яғни шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуға байланысты әкімшілік құық бұзушылық туралы ісі қаралды.

Қарызды қайтару туралы дау медиация тәсілімен шешілді

13/03/2017

Талап қоюшы Д.У. сотқа жүгініп, жауапкерлер К.Б. пен А.К.-дан  677 000 теңге берешек ақшасын өндіріп беруді сұраған.

Алдын ала дайындық жүргізу барысында тараптар кәсіпқой емес медиатор Т.Шаяхметованың қатысуымен дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту туралы өтініш түсірген.