Архив событий

28/02/2017

Саудагерлер арасындағы келіспеушілік медиациямен аяқталды

28/02/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық соты азаматша Д.-ның денсаулығына қасақана жеңіл зиян келтiргені үшін айыптау бойынша азаматша Б.-ға қатысты қылмыстық істі қарады.

Сотталушы Б. Құлсары қаласы Беркад сауда үйінде, өзінің танысы, яғни саудагер Д-ны еш себепсіз боқтап-балағаттап, оған күш көрсетіп, бет тұсынан ұрып, қасақана түрде денсаулығына жеңіл дене жарақатын келтірген.

Сот отырысында саудагер қыздар медиация тәртібімен татуласып, келісімге келулеріне байланысты қылмыстық істі қысқартуды сұрады.

Судья радиодағы тікелей эфирде

28/02/2017

Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы С.Кожахметова  «Қазақстан-Атырау » 100.2.ҒМ радиосына эфирге шығып, «Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында сұхбат берді.

Сұхбат беру барысында судья С.Кожахметова ұсақ бұзақылықты жасау, қоғамдық орындарда қоғамдық тәртіпті бұзу және айналасындағыларға сыйламаушылық бiлдiретiн, тұлғалардың тыныштығын бұзатын әркекеттердің ұсақ бұзақылық жасау әркеттері болып саналатынын атап айтты.

Брокер Кедендік бақылау басқармасының қызметкерлеріне пара бермек болған

28/02/2017

Атырау қаласының № 2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 367 бабының 1 бөлігімен сотталушы З.А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, З.А. «West-BestBrok» ЖШС-нің кеден брокері болып жұмыс атқару кезінде, Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің ғимаратына келіп, сол департаменттің қызметкерілеріне  кедендік жүк құжаттарын  тез рәсімдеу үшін 5 000 тенге пара берген.