Архив событий

28/03/2017

Көршілер татуласты

28/03/2017

Атырау облысының Индер аудандық сотында талап қоюшы М.К.-ның жауапкер Т.Б.-ға жер учаскесін бөгденің заңсыз иеленуінен қайтаруды сұраған азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, талап қоюшы М.К. сотта көршісі Т.Б. Нуркасынов көшесі бойында орналасқан үй мен өзіне тиесілі жер учаскесіне заңсыз құрылыстар жүргізіп, ауызша ескертулеріне назар аудармағанын айтып, бөгденің иелігінен өзіне тиесілі жерді қайтарып беруді сұраған.

Көршісімен келіспегені үшін айыппұл жазасы тағайындалды

28/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 108-бабымен (денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтiру) айыпталған азаматша Д.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Д. 2017 жылдың қаңтар айында Құлсары қаласындағы  үйдің алдында көршісі А.-мен сөзге келіспей қалып, яғни жуылған киімдерін іліп жүрген көршісімен территорияны бөлісе алмай, өзінің жерде тұрған киім жууға арналған пластмасса табағымен басынан бірнеше рет ұрып, денесіне  қасақана жеңіл дене жарақатын салған.