Архив событий

27/03/2017

Елбасы Жолдауын насихаттауға арналған дөңгелек үстел өткізілді

27/03/2017

Мемлекет басшысының 2017 жылғы 31 қаңтарда халыққа арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауын насихаттау және түсіндіру жұмыстарын жүргізу негізінде, «Елбасы Жолдауы - жұртшылықтың сенімін нығайтып, елдің дамуын айқындайтын құжат» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізілді.

Қылмыстық істердің медиация тәртібімен қысқартылуының оң жақтары талқыланды

27/03/2017

Атырау қаласының № 2 сотында «Медиация тәртібімен қысқартылған қылмыстық  істер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға соттың судьялары, Атырау қалалық прокуратурасының өкілдері, кәсіби медиаторлар Е.Неледов, Б.Утегалиев қатысты.

Автокөлікті алкогольді күйде басқарғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды

27/03/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 346 бабы 1 бөлігімен  (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) айыпталған У.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотпен анықталғандай, У. масаң күйде бола тұра, Қазақстан Республикасының Жолда жүру ережесінің талаптарын бұзып, көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқарып келе жатып, полиция қызметкерлерімен тоқтатылған.