120 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 379 бабының 1-бөлігімен сотқа берілген Н.А.-ға қатысты қылмыстықтеріс қылық туралы ісі қаралды.

Сотталушы Н.А. Алмалы селосындағы Бейбітшілік көшесі бойында  орналасқан «Салтанат» азық-түлік дүкенінің алдында арақ ішкен мас күйінде  участкелік инспектор полиция лейтенанты К.К.-нің ескертуіне құлақ аспай, қызметтік автокөлікке отырып, мастығын анықтау үшін нарколог дәрігерге  жүруін талап еткен кезде азамат Н.А. билік өкіліне бағынбай, оны былапыт сөздермен балағаттап, участкелік полиция инспекторы К.К.-нің нысанды киімі күртесіне жабысып жыртып және иығындағы шен белгісін жұлып тастаған.  

Сот, іс бойынша жинақталған құжаттарды зерттеп,сотталушының кінәсін толықтай мойындап, шын жүректен өкінуін және бұрын қылмыстық жауаптылыққа тартылмағанын ескеріп, Н.А.-ны Қазақстан Республикасының ҚК-нің 379-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық теріс қылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, 120 сағат мерзімге қоғамдық жұмысқа тарту жазасын тағайындады.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі