Атырау қалалық сотында сот медиациясы бойынша пилоттық жоба таныстырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау қалалық сотында даулардың (жанжалдардың) жекелеген санаттарын медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді азаматтық сот ісін жүргізуге енгізу жұмыстарын түсіндіру  мақсатында дөңгелек үстел өткізілді.

Аталған шараға қалалық соттың судьялары мен  «ҚР медиаторлар ұлттық палатасының» өкілі Кенесқызы М.М.,  Республикалық қоғамдық бірлестік «Атырау облысы бойынша Медиация дамыту орталығы» өкілдігінің директоры Марданқызы Г.М., Атырау облысы бойынша «Халықаралық құқық қорғау орталығының» өкілі К.Р.Ерсейітқызы,  2-ші деңгейдегі банк қызметкерлері, пәтерлер иелер кооперативтерінің өкілдері,  «Атырау жылу электр орталығы»  АҚ-ның өкілдері , «Казахтелеком » АҚ-ның өкілдері  қатысты.

Атырау қалалық сотының судьясы М.Саримова және Республикалық қоғамдық бірлестік «Атырау облысы бойынша Медиация дамыту орталығы» өкілдігінің директоры Марданқызы Г.М. пилоттық жоба бойынша     баяндама жасады. 

Судья М.Саримова медиация институтын күшейту мақсатында әзірленген жобаның артықшылығы мен болашағын атап айтты. Сондай-ақ, даулардың (жанжалдардың) санатына тоқталып, сол санаттар арқылы медиация тәртібін жүргізуге болатынын көрсетті.  Республикалық қоғамдық бірлестік «Атырау облысы бойынша Медиация дамыту орталығы» өкілдігінің директоры Марданқызы Г.М. баяндамасында жаңа жоба медиация институтының әрі қарай дамуына жаңа серпін беретінін, татуластыру рәсімдерін қолдану аясын кеңейтуіне, азаматтардың сот шығындарын барынша азайтуына, халықтың соттан тыс дауды (жанжалды) реттеуіне көмектесетінін айтты.

Дөңгелек  үстелге қатысушылар пікір алмасып, әріптестер бір-біріне сәттілік тіледі.

Шара соңында сот төрағасы А.Ерманов қатысушыларға алғысын білдірді.

Қайнар: 
Атырау қалалық сотының баспасөз қызметі