Аудандық сотта атқарушылық мәселелері бойынша семинар өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Исатай аудандық сотында судьялардың, Исатай ауданының прокурорының орынбасары Ж.Жұмағазиевтің, учаскелік инспектор Г.Карабалиннің, мемлекеттік сот орындаушысы А.Аудановтың, жеке сот орындаушылар К.Рахметовтің және Р.Тайровтың қатысуымен сот актілерін орындау мәселелері бойынша семинар өткізілді.

Өз сөзінде аудандық соттың төрағасы А.Мағзомова қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қарау барысында шығарылған және заңды күшінен енген сот актілерінің сапалы орындалуына қатысушылардың назарын аударды. Осы ретте, кәмелетке толмаған балаларды асырап-бағу үшін алимент өндіру, мемлекеттік баж сомасын мемлекеттің есебіне қайтару, берешек сомаларын өндіру, мүлікті кепілден босату, қызметтің белгілі бір түрін тоқтата тұру мәселелеріне тоқталып өтті.

Сондай-ақ, сот төрағасы сот актілерін орындау кезінде қиындықтар туындаған жағдайда (борышкерлерді мәжбүрлеп әкелу мүмкін болмаған ретте және т.б) борышкерлерді іздеп табу, мәжбүрлеп әкелу бойынша ішкі істер органдарымен өзара көмек көрсету туралы меморандум жасауды ұсынды.

Аталған ұсынысқа қатысушылар қолдау білдірді.

Источник: 
Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі