Бұзақылық жасаған жігітке медиация көмектесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында азамат Ж.Е.-ге қатысты қылмыстық  іс қаралды.

Сотталушы Ж.Е. алкогольдік масаң күйде, тойдан шығып бара жатқан жәбірленуші С.-ға еш себепсіз тиісіп, оны қолымен итеріп жерге құлатып, ал жәбірленуші К.-ге де еш себепсіз тиісіп, жұдырығымен бет әлпетінен ұрып соғып, жерге құлатып, оқиға болған жерден бой тасалап қашып кеткен.

Басты сот талқылауында сотталушы Ж.Е. жасаған әрекетіне өкінетінін, жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласқанын айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады. Жәбірленушер сотталушыға қояр талаптарының жоқтығын, медиация тәртібімен татуласқандарын, оны қылмыстық жауаптылықтан босатуды сұрады.

Сот қаулысымен Қазақстан Республикасының ҚК-нің 293-бабының 1-бөлігімен Ж.Е.-ге қатысты қылмыстық ісі жәбірленушілермен медиация тәртібімен татуласуына байланысты тоқтатылып, ол қылмыстық  жауаптылықтан босатылды.

Источник: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі