Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексті талқылауға арналған кездесу

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Атырау облысының Статистика департаментімен Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексін талқылау бойынша Департамент қызметкерлеріне арналған кездесу өткізілді.

Аталған шараға Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы З.Байназарова қатысып, баяндама жасады.

Судья  З.Байназарова аталған тақырыпта баяндама жасап, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс қозғау себептері мен негiздеріне, хаттамалар жасауға құқығы бар лауазымды адамдарға және хаттама жасау мерзiмдерiне тоқталып, қойылған сұрақтарға жауап берді.

Шара соңында судья қатысушыларға өз алғысын білдірді.

Источник: 
Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының баспасөз қызметі