Қызылқоға аудандық сотында атқару құжаттарын жөнелтудегі кейбір мәселелер бойынша жұмыс бабындағы кездесу өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

 Атырау облысының Қызылқоға аудандық сотында Қызылқоға аумақтық учаскесінің аға сот орындаушысы А.Утеулиева мен жеке сот орындаушы Н.Аймағанбетовтың және барлық сот мамандарының қатысуымен атқару құжаттарын жөнелтудегі кейбір мәселелер бойынша жұмыс бабындағы кездесу  өткізілді.

Аталған шарада сот мамандары мен сот орындаушылар кейбір сот актілерінің орындалу жай-күйін талқылай отырып, орындау барысында электрондық ақпараттық жүйемен өзара іс-қимылда туындайтын кейбір мәселелерге де тоқталып өтті.

Шараға қатысқан аудандық сот мамандары мен сот орындаушылар атқару парақтарын  жолдауда тиісті мәліметтердің дұрыс толтырылуы мен жөнелтілуі және сот орындаушылармен атқару құжаттарын өндіріске қабылдап тіркеу кезіндегі кейбір жағдайларды егжей-тегжейлі талқылады.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі