Қызылқоға аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіншіліктерін насихаттау және түсіндіру мақсатында семинар-тренинг өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Сот жүйесіндегі «Сот кабинеті» сервисінің жаңа мүмкіншіліктерін насихаттау және түсіндіру мақсатында «Сот кабинеті» сервисін қолдану – бүгінгі күннің талабы» тақырыбында  семинар-тренинг өткізілді.

Аталған шараны Қызылқоға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі м/а Р.Бауыржанұлы Қызылқоға аудандық халыққа қызмет көрсету орталығына барып, село тұрғындарына «Сот кабинеті» сервисін пайдаланудың тиімділігі мен қолдану тетіктерін айтып түсіндірді.

Сот органдарына «Сот кабинеті» сервисі арқылы хаттарды жіберу электрондық құжат айналымын қолдану мүмкіншіліктерін арттыратындығын, қағаз жүзіндегі құжат айналымын азайтып, сотқа жүгіну механизмін жеңілдетіп, талап арыздың сот ісін жүргізу деңгейі рәсімдерін жылдамдататындығын айтып көрсетті.

Семинар-тренингке қатысушы село тұрғындары электронды арыз, талап-арыз берудің жеделділігіне қызығушылық танытты, өздеріне қажетті тетіктерді рет-ретімен басу арқылы электронды түрде арыз жолдау тәртібін үлгі ретінде жазып алушылар да болды.

Қайнар: 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі