Неке бұзу туралы азаматтық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында талап қоюшы С.Т.  мен жауапкер Е.Т.арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы С.Т. жауапкер Е.Т. арасында тіркелген некені бұзу туралы талаппен жүгінген.

Сот отырысында талап қоюшы С.Т.жауапкер Е.Т.-мен отбасын сақтап қалу мақсатында өзара татуласқанын айтып, медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекітуді қабылдап, істі өндірістен тоқтатуды сұрады.

Сот отырысында талап қоюшы С.Т.-ның жауапкер Е.Т.-ның арасындағы некені бұзу туралы азаматтық ісі бойынша медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келiсiмнің шарты бойынша тараптар өзара түсіністікке келіп, ішкі отбасылық мәселелерді шешу кезінде бір-бірінің пікірлерін ескеруге міндеттеніп, неке бұзудан бас тартқаны туралы келісім жасақталып және оны сот бекітуіне байланысты іс жүргізуден тоқтатылды.            

Сот ұйғарымы заңды күшіне енді.         

Источник: 
Атырау облысы Махамбет аудандық сотының баспасөз қызметі