Поездағы ұрлық

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында ұрлық жасады деп айыптау бойынша   азамат К.-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібінде  қаралды.

Сот анықтағандай, азамат К. 2016 жылдың желтоқсан айында  «Ақтөбе - Маңғышлақ» жолаушылар поезының №16 вагонында жолаушы болып келе жатырған  жәбірленуші Б.-ның  ас ішетін стол үстінде тұрған «Самсунг» маркалы ұялы телефонын ұрлап алып, вагоннан түсіп, жәбірленуші Б.-ға 50 000 теңге  материалдық шығын келтірген.

Сотқа жәбірленуші сотталушымен медиация тәртібімен татуласуына және келтірген зиянды толық өтеуіне байланысты  қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат түсті.

Сот қаулысымен К.-ға қатысты қылмыстық іс медиация тәртібімен және келтірілген материалдық шығынды өтеуіне байланысты Қазақстан Республикасының ҚК-нің  68-бабының  1-бөлігімен  (татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату)  қысқартылды.

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі