Сот ісін жүргізу процесін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша ізденіс жалғаса бермек

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Индер аудандық сотында «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап-арыздар мен шағымдарды, қылмыстық, әкімшілік істерді  тіркеу, электрондық жобаны  түсіндіруге арналаған дөнгелек үстел өткізілді.

Жобаны талқылау төраға Д.Тухфатованың, Индер аудандық прокурорының орынбасары С.Ажмухамедовтың, Индер ауданы бойынша кірістер басқармасының өкілі С.Набиеваның, «Индер аудандық орталық  ауруханасы» КММ-нің өкілі дәрігер-нарколог Х.Бакенованың, Индер ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің өкілі С.Демешевтің және сот қызметкерлерінің қатысуымен өтті.

Баяндамашы - бас маман А.Байбосынова өз сөзінде, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты өзінің (www.sud.kz)  ресми сайтында онлайн сервистерге және сот органдарының қызмет көрсетулеріне қолжетімділіктің жалғыз терезесі болып табылатын «Сот кабинеті» электрондық жобасын іске қосылғанын атап өтті. «Сот кабинеті» сервисінің қағаз түрінен ерекшелігі электрондық нысанда талап арыздарды, сот хаттамасын беру туралы арызды, хаттамаға ескерту-арызды беруге, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, электрондық қадағалау іс жүргізуіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ пайдаланушыға ыңғайлы кез-келген орындағы интернет желісі арқылы мемлекеттік баж салығын онлайн режимде төлеуге берілген мүмкіндік болып табылатынын, оны қолданудың артықшылықтары түсіндірілді.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмайды және сот ісін жүргізу процесін оңтайландыру мен автоматтандыру бойынша ізденісті жалғастыра бермек.

Талқылау қорытындысы бойынша, дөңгелек үстелге қатысушылар өзара пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауаптар алынды. 

Источник: 
Атырау облысы Индер аудандық сотының баспасөз қызметі