Сот тараптардың келісімге келуіне көмектесті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Индер-Мақсат несие серіктестігі» ЖШС-нің жеке кәсіпкер А.К. Гумаровтан 875 000 теңге берешек, 37 504 теңге сыйақы өндіру туралы талап қою арызымен қозғалған азаматтық іс қаралды.

Істі сот талқылауына дайындау барысында сот тараптарға істі татуласу рәсімдерін қолдану арқылы аяқтауды ұсынды, татауласы келісім, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу тәртібін, олардың құқықтық салдарын, артықшылықтарын түсіндірді.

Нәтижесінде тараптар сотқа дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы екіжақты өтінішхатпен жүгініп, медиатор ретінде іс жүргізуінде іс жатқан судьяны таңдады.

Медиация жүргізілгеннен кейін тараптар дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасасты.

Сот ұйғарымымен тараптардың медиациялық келісімі бекітіліп, азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Осы тараптар арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейді.

62 715 теңге мемлекеттік баж төлеу жөніндегі сот шығындары бюджет есебіне жатқызылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының баспасөз қызметі