Сотта сатып алушының құқығы қорғалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Самрук Энерго Инжиниринг» ЖШС-нің «MAGNAT   PETROULEUM» ЖШС-нен 2 100 000 теңге қарыз сомасын,  105 000 теңге тұрақсыздық айыбын, 444 000 теңге  залалды өндіру туралы талап қою арызы бойынша азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылдың сәуір айында талап қоюшы мен жауапкердің арасында жалпы сомасы 2 100 000  теңгені құрайтын  № М/32-16 санды мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарты жасалған.

Талап қоюшы тауарды төлеу бойынша міндеттемелерін толық орындаған, алайда жауапкер өз міндеттемелерін тиісті түрде орындамаған, төленген тауар тиеп жіберілмеген, тиісінше жолдану бекетіне жеткізілмеген.

Жауапкердің шарттың міндеттемелерді орындамауы салдарынан талап қоюшы ұқсас тауарды басқа тұлғадан, бірақ жоғары бағамен сатып алуға мәжбүр болды. Осыған байланысты, талап қоюшы шартта белгіленген баға мен жасалған мәміле бойынша баға арасындағы айырмашылық түріндегі залалды өндіріп алу құқығын пайдаланды.

Осындай жағдайларда сот талап қоюшының құқықтық талаптарын дұрыс деп тауып және оның пайдасына жауапкерден 2 100 000 теңге берешегін, 105 000  теңге тұрақсыздық айыбын,  444 000  теңге келтірілген залал сомасын, сонымен бірге 200 000 теңге өкілдің көмегіне ақы төлеу шығындарын, 7 920 теңге нотариус қызметтерінің шығындарын, 79 470 теңге мемлекеттік бажды төлеу шығындарын өндірді.

Сот шешімі заңды  күшіне енді.

Источник: 
Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотын ың баспасөз қызметі