Жас судьялар студенттерге Президент Жолдауын түсіндірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облыстық сотында Президент Жолдауын насихаттау мақсатында Жас судьялар кеңесінің ұйымдастыруымен судьялардың Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжі студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында Атырау қалалық сотының судьясы Г.Турганова мен Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы З.Хамидуллина студенттерге Елбасының биылғы Жолдауының мақсатын түсіндіріп берді.

Кездесу кезінде "Қазақстанды үшінші жаңғыруы: Жаһандандық бәсекеге қабілеттілік": »Президент Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды. Судья Г.Турганованың пікірінше, «Жолдау сот жүйесі үшін азаматтардың конституциялық құқықтарын сақтау мен қамтамасыз ету бойынша алдағы  жұмыстарының бағытын айқындай түскен».

Жолдаудың төртінші басымдығы – адами капитал сапасын жақсарту мәселесі туралы Зарема Хамидуллина тарқатты. Ол Жолдауда Елбасы әлемде ақпараттың 90 пайызы ағылшын тілінде дайындалатынын, екі жыл сайын оның көлемі екі есе арта түсетіндігін, Ағылшын тілін меңгермей Қазақстан жалпыұлттық прогресте алға баспайтынын, - айтты деді. Сол себепті студенттерді үлкен жетістіктерге жету үшін ағылшын тілін меңгеруге шақырды.

Қайнар: 
Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі