Жеңгесі қайын інісін кешірді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 109 бабымен жеңгесінің қайныінісіне  қатысты арызданған жеке айыптау ісі қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, 2017 жылдың ақпан айында қайныінісі К.-нің Құлсары қаласындағы өзінің пәтеріне жеңгесі келген уақытында, жеңгесімен сөзге келіспей екеуі арасында жанжал туындап, ол жеңгесінің басынан ұрып, денсаулығына  қасақан қиян келтірген.

Сот отырысында қайныінісі жеңгесінен кешіріп сұрап, арадағы жанжал  ашу үстінде болғанын айтып, қазіргі уақытта жеңгесімен медиациялық тәртіппен татуласқанын, сондықтан өзіне қатысты қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды сұраған.

Сот сотталушының жәбірленушімен медиация тәртібімен татуласуына байланысты жеке айыптау ісін тоқтатты.

    

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі