Жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығын өндірілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында талап қоюшылар А.Сейтов пен А.Садыковқа жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Сот отырысында анықталғандай, жауапкер С.К. 2016 жылдың қыркүйек айында «Daewoo Nexia» маркалы автокөлігін басқарып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің белгіленген ережелерін бұзып, басты жолда келе жатырған «Lada 217030 Priora» маркалы автокөлігіне жол бермей соқтығысқан, нәтижесінде көлік иесі А.Сейтов пен көлік басқарушысы А.Садыковқа 524 518 теңге көлемінде материалдық залал келтірген.

Осы жол-көлік оқиғасы бойынша Құрманғазы аудандық сотының 28 қазан 2016 жылғы қаулысымен жауапкер С.К. Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 610-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жазасы тағайындалған.

Алайда, кінәлі адам өз еркімен келтірілген шығынды төлеуден жалтарған, сол себептен талап қоюшылар А.Сейтов пен А.Садыков аудандық сотқа талап арызбен жүгінуге мәжбүр болған.

Сот отырысында жоғарыда айтылған мән-жайлар толықтай дәлелденіп, соттың 24 ақпан 2017 жылғы шешімімен талап қоюшылар А.Сейтов пен А.Садыковқа жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық шығын өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотының баспасөз қызметі