Жылыой аудандық сотында ашық есік күні өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында жұмыс жоспарына сәйкес, азаматтардың құқықтық сауатын арттыру  мақсатында ашық есік күні өткізілді.

Сот төрағасының м.а Б.Дюсебалиеваға құқықтық мәселелі сұрақпен  Құлсары қаласының тұрғыны азамат Е.Утегенов жүгінді.

Азамат Е.Утегеновтің айтуынша оның туу туралы куәлігінде туған жылы қате жазылып, осы уақытқа дейін туған жылын өзгерте алмай жүргендігін айтып, мәселенің мәнін шешу үшін сотқа жүгінген.

Келушіге Қазақстан Республикасының азаматтық процестік кодексінің нормаларына сәйкес аталған санаттағы істерді сотта қарау тәртібі түсіндірілді.

Источник: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі