Жылыой аудандық сотында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер мен құжаттарды дұрыс және толық рәсімдеу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыPDFPDF

Жылыой аудандық сотында «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамада жіберілген кемшіліктерді жою, хаттаманың жасақталу мерзімінің сақталуы»» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Атырау облыстық сотының судьясы А.Калимукашева, аудандық соттың судьялары, жергілікті полиция бөлімінің басшысы, ,  әкімшілік тәжірибе тобының жауапты қызметкерлері қатысты. Өткізілген дөңгелек үстелдің мақсаты – әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың талаптарын сақтау, заңның өрескел бұзылуының алдын алу.    

Дөңгелек үстелде баяндама жасаған әкімішілік істерді қарайтын судья А.Асалов әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыру тәртібін, хаттаманы жасау мерзімдері мен әкімшілік істі қарау үшiн сотқа жолдау мерзімдерін атап өтті. 

Сондай ақ  әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы толтыру сапасы, ҚР ӘҚБтК-нің 803-бабының талаптарына сәйкес болуы, құқық бұзушының құқығын, әсіресе хаттама толтырылған кезде іс жүргізу тілін сақтау, қорғаушымен қамтамасыз ету, хаттаманың көшірмесін табыс ету мәселелері талқыланды.

Іс-шараның қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан істерді рәсімдеу барысындағы атқарылатын жұмысты жақсарту бағытында ұсыныстар айтылды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі
Пікірлер мен ұсыныстар