Жылыой аудандық сотында жер дауларына қатысты дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында жер дауларына қатысты дауларды сотқа дейін  реттеу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға аудандық сот судьялары, аудан прокурорының көмекшісі А.Есенғожина, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары М.Қаржау, аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы А.Жалелов, аудандық жер қатынастар бөлімінің басшысы Д.Наурызбаев, аудандық жер кадастр бөлімінің бас маманы Б.Тукеев, тәуелсіз бағалаушы Б.Таубаев, аудан әкімі аппаратының құқықтық бөлімінің бас маманы Г.Айшуақова қатысты.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар жер заңына қатысты ұсыныстар білдіріп, ұсынымдардың негізділігі жан-жақты талқыланып, сұрақ-жауаптар қойылып, пікір алысты.

Сонымен қатар, судьялармен сотқа түскен жер даулары бойынша тез арада түпкілікті бір қорытынды беру үшін және дау бойынша дұрыс шешім табу мақсатында аудан әкіміне  жер саласына қатысты арнайы қызметтік топ құру керектігін, топқа әкімдіктерден, жер қатынастар, сәулет, қала құрылысы, жер кадастр бөлімдерінің басшыларымен айына бір немесе екі күнді жұмыс кестесімен реттеуді ұсынуды ұйғарды.

Қайнар: 
Атырау облысы Жылыой аудандық сотының баспасөз қызметі