Архив событий

02/03/2022

Ресми құжаттарды бүлдіргені үшін қылмыстық жауапкершілік

02/03/2022

Атырау облысы Құрманғазы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 384-бабының 3-бөлігімен сотталған К.А.-ға қатысты қылмыстық теріс қылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К.А. Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің №1 тірек пунктінде өзіне қатысты екі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттаманы қасақана жыртып, жарамсыз еткен.

Судьялармен рақымшылық жасау туралы заңнамаға түсіндірме жұмыстары жүргізілді

02/03/2022

Атырау қаласының №2 сотының судьялары Гульнара Даулешова және Эльмира Ойкулова Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментінің  УГ-157/11 мекемесінде сотталғандармен кездесу өткізіп,  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 6 – бабы және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» 2021 жылғы 07 желтоқсандағы Заңының талаптарын түсіндірді.