Архив событий

09/03/2022

Қос ақ жолақты кесіп өткені үшін көлік құралын басқару құқығынан айырылды

09/03/2022

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігімен азамат Т.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, құқықбұзушы Т. Құрманғазы көшесінде «BMW X5» маркалы көлік құралын басқарып, қос ақ жолақты кесіп өтіп, жолдың жүру бөлігінің қарсы бағытта жүруге арналған жағына солға бұрылып шыққан.

Сот қаулысымен Т. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 ай мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.