Архив событий

29/03/2022

Атырауда Билер кеңесі студенттермен кездесу өткізді

29/03/2022

Билер кеңесінің қызметін насихаттау жөніндегі жоспарды орындау шеңберінде Кеңес мүшелері С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің студенттерімен кездесу өткізді.

Іс-шараға Билер кеңесінің төрағасы Ғ.Хисметуллин, кеңес мүшелері М.Утешев, Ж.Кошенов, З.Бабохидзе, проректор Қ.Оразалиев және университет студенттері қатысты.

Билер кеңесінің төрағасы Ғ.Хисметуллин Билер кеңесінің басты міндеттерін атап өтіп, Кеңестің құрылу тарихы, қоғамдық бірлестіктің қызметі, өңірдегі қақтығыс деңгейін төмендету бойынша жүргізілген жұмыстар туралы айтты.