Архив событий

14/03/2022

Қарыз өндіру дауы сотқа дейінгі хаттама тәртібімен шешілді

14/03/2022

Атырау облысының  Жылыой  аудандық сотында қарыз ақша өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық іс жүргізу медиация тәртібімен реттелуіне байланысты тоқтатылды.

Талап қоюшы Б.  жауапкер А.-дан  100 000 теңге қарыз ақшасын өндіру туралы талап қоюмен сотқа жүгінген.

Дау бойынша судья-медиатор тарапынан сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізу  нәтижесінде сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Сотта әкесі мен қызы медиациялық келісімге келді

14/03/2022

Атырау облысының  Жылыой аудандық сотында талап қоюшы  С.-ның жауапкер С.-дан қосымша алимент өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, жауапкер С. қызы С. 18 жасқа толғанша алимент төлеп келген, алайда қызы 18 жасқа толуына байланысты алимент өндіру тоқтатылған. Талап қоюшы С. талабында өзінің  қазіргі уақытта университеттің  ақылы  бөлімінде оқитынын көрсетіп, жауапкерден ай сайын 25 АЕК мөлшерінде алимент өндіруді сұраған.