Архив событий

10/03/2022

Атқарушылық құжатты орындамағаны үшін айыппұл салынды

10/03/2022

 Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 669-бабының 1-бөлігімен  (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау) азамат А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Атырау облысының нотариаттық палатасы нотариусының атқарушылық жазбасымен А.-дан Н.-ның пайдасына 3 009 005 теңге өндірілген, алайда қазіргі уақытқа дейін Т.А. нотариустың атқарушылық жазбасын орындамаған.