Архив событий

15/03/2022

Масаң күйінде көлік жүргізгені үшін бас бостандығынан айырылды

15/03/2022

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасы ҚК-нің 346-бабының 1-тармағы (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотталған К.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, К. Атырау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 2019 жылғы 26  желтоқсандағы қаулысымен 5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырыла тұра, «ВАЗ 21101» маркалы автокөлігін «орта» дәрежедегі алкогольдік масаң күйде басқарған.

Қоғамдық орындарға масаң күйде келгені үшін жауаптылық

15/03/2022

Атырау облысының Индер аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен (алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық  туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай,   азамат  С. әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап құқық бұзушылық жасаған, яғни қоғамдық орынға масаң күйде келген.

Сот қаулысымен С. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 3 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза қолданылды.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.