Архив событий

31/03/2022

Атырау облысының жаңа судьялары таныстырылды

31/03/2022

Атырау облыстық сотының төрағасы Бауыржан Жұмағұлов облыстың жаңа судьяларын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 наурыздағы №845 Жарлығымен Айтжанова Анар Наурызбайқызы  - Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотының, Амантай Әсел Амантайқызы - Атырау қалалық сотының, Бекмағамбетова Марал Жетпісқызы - Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы лауазымына тағайындалды.

Сақтандыру төлемі кері қайтару тәртібімен өндіріліп алынды

31/03/2022

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы кері талап ету тәртібімен жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін өндіріп алу туралы бірінші саты сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Талап қоюшы Сақтандыру компаниясы (бұдан әрі-СК) сотқа талап арызбен жүгініп, жауапкер К.А.-дан кері талап қою тәртібімен жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерінің сомасын және жерлеуге жұмсалған шығындарды өндіруді сұраған.

Іс бойынша жауапкер мен СК арасында көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасақталғаны анықталды.