Архив событий

05/03/2022

Құрметті ханымдар!

05/03/2022

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі - 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Көктемнің алғашқы күндерінің бірі Сіздерге, біздің сүйікті аруларымызға арналған. Сіздердің даналықтарыңыз шаңырағымызды қорғайды, төзімділіктеріңіз күнделікті өмірдің қиындықтарына төтеп беріп, мейірімдеріңіз ұрпақ тәрбиелеуге арналған десек болады. Тек Сіздер ғана біздерді жоғары белестерге жетуге шабыттандырасыздар. Сіздерге барлығы үшін алғыс айтамын.

Салтанатты жиын өткізілді

05/03/2022

Атырау облыстық сотында 8 наурыз-Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында салтанатты жиын өтті.

Салтанатты іс-шараға сот жүйесінің ардагер-арулары, облыстық соттың судьялары, аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, Соттар Әкімшісінің басшылығы мен қызметкерлері қатысты.

Дәстүр бойынша облыстық сот төрағасы Бауыржан Жұмағұлов ұжымның нәзік жандыларын мерекемен құттықтап, көктемгі тамаша көңіл-күй, асқақ армандардың орындалуын, жақын жандарының махаббаты мен қамқорлығын, денсаулық, жеке және отбасылық бақ-береке тіледі!