Архив событий

25/03/2022

Тыйым салынған заттарды беруге әрекеттенгені үшін жауаптылыққа тартылды

25/03/2022

Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігімен азамат Е.-ге қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Е. қылмыстық-атқару жүйесiнің  арнаулы мекемесіне сотталғандарға пайдалануға тыйым салынған заттарды, атап айтқанда, ұялы телефон және қуаттағышты беруге әрекеттенген.

Сот қаулысымен Е. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, ұялы телефон мен қуаттағыш тәркілене отырып, ескерту түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.

Жалған нөмір жауаптылыққа әкелді

25/03/2022

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 590-бабының 4-бөлігі (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi (белгiсi) бар көлiк құралын басқару) бойынша А.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. түнгі уақытта «Атырау-Орал» тас жолының 55-шақырым тұсында «ВАЗ 21099» маркалы көлік құралына «X693EM56» көрiнеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісін тағып басқарған.