Архив событий

04/03/2022

Соттар әкімшісі басшысы Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген тұлғамен кездесу ұйымдастырды

04/03/2022
Атырау облыстық сотында Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген тұлға Рустам Танатұлы Мусинмен кездесу өтті.
 
​Президенттік жастар кадр резерві - бұл өмірдің көптеген салаларында жоғары нәтижелерге қол жеткізген жас зиялылардың құрамы. Президенттік жастар кадрлық резерві жастар үшін тиімді әлеуметтік лифті қалыптастыруға арналған.
 
Алғашқы іріктеу 2019 жылы қыркүйекте өтті. Іріктеуден әр түрлі мамандықтардан 300 лайықты маман өтті, олардың төртеуі – Атырау облысының өкілдері, ал 2021 жылы Рустам Мусин өткен.