Архив событий

03/03/2022

Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде келтірілген мүліктік зиян өндірілді

03/03/2022

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші саты сотының мүліктік зиянды өндіру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Азаматша М.Г. талап арызбен сотқа жүгініп, жауапкер С.Ж.-дан  мүліктік зиянды өндіруді сұраған.

Талап қоюшы арызында "ВАЗ 2110" маркалы автокөлігін басқарып келе жатырған жауапкердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғасы нәтижесінде талап қоюшының 2020 жылы шығарылған "Lexus RX 300" маркалы автокөлігіне 371 504 теңге көлемінде зиян келтірілгенін көрсеткен.

Сотпен әрекетке қабілетсіздік анықталды

03/03/2022

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында азаматша К.-ны әрекетке қабілетсіз деп тану туралы азаматтық іс қаралды.  

Сотта К.-ның 1997 жылдан бері дәрігер-психиатрдың есебінде тұратыны, 2 топтағы мүгедек екендігі, өздігінен жүре алмай, үнемі басқа адамның көмегіне мұқтаждығы анықталған.

Сот-психиатриалық сараптама қорытындысы бойынша К.-да ауыр дәрежедегі ақыл-ой кемістігі анықталған.

Сот шешімімен К. әрекетке қабілетсіз адам деп танылып, сот шешімі негізінде оған қорғаншылық орнатылады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.