Архив событий

30/03/2022

Әкімшілік алқа жер дауы бойынша медиациялық келісімді бекітті

30/03/2022

Талап қоюшылар сотқа Атырау қаласының әкіміне, жер қатынастары бөлімі ММ-не қатысты әкімнің қосымша жер учаскесін (бұдан әрі-ЖУ) беруден бас тартуын заңсыз деп тану туралы талаппен жүгінді.

МАӘС шешімімен талап ішінара қанағаттандырылды. Әкімнің ЖУ беруден бас тарту туралы қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды.  Жер қатынастары бөлімі ММ-не қойылған талаптар бөлігінде талапты қанағаттандырудан бас тартылды.

Сот шешімімен келіспеген жауапкер Атырау қаласының әкімі апелляциялық шағым келтірді.