Архив событий

11/03/2022

Қаруды заңсыз сақтаған

11/03/2022

Атырау облысының Құрманғазы аудандық сотында  Қазақстан Республикасынынң ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен азамат У.П.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Сотта анықталғандай, У.П. өзінің тұрғын үйінде полиция органдарында тiркелмеген тегіс ұңғылы, екі ұңғылы түтіксіз аңшылық  «А» модельды 16-калибрлі аңшы қаруын және екі оқ-дәрісін заңсыз сақтаған.

Сот қаулысымен У.П. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған қару мен оқ-дәріні тәркілей отырып, 40 838 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.

Банк пайдасына берешек өндірілді

11/03/2022

Атырау облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасы бірінші сатыдағы соттың берешекті өндіру туралы шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Талап қоюшы банк талап арызымен сотқа жүгініп, жауапкер Д.Т.-дан 3 567 584 теңге, сондай-ақ нотариус қызметі үшін 24 230 теңге көлемінде қарызды өндіруді сұрады.

Атырау қалалық сотының шешімімен талап қанағаттандырылып, жауапкерден 3 567 584 теңге мөлшерінде берешек, 107 028 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж төлеу бойынша сот шығындары, банк шығындары 24 230 теңге, барлығы 3 698 842 теңге өндірілді.

Оңайлатылған іс жүргізудегі медиация

11/03/2022

Атырау облысының Махамбет аудандық сотында "RC" коллекторлық агенттігінің жауапкер К.- ға несиелік шарт бойынша берешекті өндіріп алу туралы азаматтық іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылды.

Талапты оңайлатылған тәртіпте қарау барысында тараптардан медиациялық келісімді бекіту туралы өтініш келіп түскен. Келісімге сәйкес, жауапкер К. 2022 жылдың тамызына дейін талап қоюшының пайдасына берешекті бөліп төлеуге міндеттеме алды, талап қоюшы өз кезегінде талап қоюдан бас тартты.

Сот ұйғарымымен іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.