Архив событий

01/02/2017

Атырау қалалық сотының судьясы «Әділет кеңес береді» атты республикалық акцияға қатысты

01/02/2017

Атырау қалалық сотының судьясы С.Ноғаев «Нұр Отан» партиясының  Атырау қалалық филиалы ғимаратында өткізілген «Әділет кеңес береді» атты республикалық акцияға қатысты.

Акцияның мақсаты – Қазақстан Республикасының заңнамаларына енгізілудегі өзгерістерді түсіндіру, тұрғындарға құқықтық кеңес беру.

Судья мен хатшыға алғыс айтты

01/02/2017

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қ.Мәмидің атына Атырау облыстық адвокаттар алқасының адвокаты Т.Боранғалиевтан Алғыс хат келіп түсті.

Хат авторы азаматтық іс бойынша талап қоюшының сенімхат бойынша өкілі адвокат Т.Боранғалиев Атырау қалалық сотының судьясыГ.Батырғалиева мен хатшысы Р.Туремуратоваға, Атырау облыстық сотының судьялары Г.Нұржігітова, З.Әбдіқұлова мен Б.Карешовағаазаматтық істі тез және сапалы қарап, әділ шешім шығарып, жоғарғы кәсібиліліктері үшін алғысын айтып, үлкен ризашылығын білдірген.

Мақат аудандық сотында атқарылған жұмыстар қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өткізілді

01/02/2017

Атырау облысының Мақат аудандық сотында 2016 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша баспасөз конференциясы өтті.

Шараға аудандық сот төрағасы М.Искаков және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілі-жергілікті «Мақат тынысы» газетінің тілшісі Л.Нұрбаева қатысты.

Баспасөз конференциясы барысында аудандық сот төрағасы сотта қаралған істердің санаттары бойынша статистикалық есеп негізінде хабарлама жасады.