Архив событий

16/02/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Қазақстан Республикасының Әдеп кодексінің нормаларын сақтау» тақырыбында семинар өткізілді

16/02/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында судьялардың және сот мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарда мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін атқару барысындағы сырт келбеттері, жүріс-тұрыстары талқыланды.

Көрінеу қылмыстық жолмен табылған балықтарды сатып алған

16/02/2017

Атырау облысының Исатай аудандық сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 196-бабының 1-бөлігімен Умбеткалиевқа қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотта анықталғандай, Умбеткалиев 2017 жылдың қаңтар айында көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлiктi күні бұрын уәделеспей иемдену немесе өткізу мақсатында Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосынан өзіне бұрын таныс емес ер адамнан 23 килограмм сазан тұқымдас қара балығы мен 596 килограмм мөңке қара балығын 12 000 теңгеге сатып алған.

Жылыой аудандық сотында брифинг өтті

16/02/2017

Атырау облысының Жылыой  аудандық сотында татуластыру рәсімін үйлестіруші судья Ж.Аятовтың және жергілікті «Кең-Жылыой» газетінің тілшісінің қатысуымен «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейін реттеуді енгізу» бойынша Жоғары Соттың пилоттық жобасын таныстыру мақсатында брифинг өткізілді.

Жылыой аудандық сотында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы талқыланды

16/02/2017

Атырау облысының Жылыой аудандық сотында сот төрағасы және судьялардың қатысуымен «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» тақырыбында Елбасының Жолдауын түсіндіруге арналған семинар сабағы өтті.

Сот төрағасы А.Саудабаев Елбасының биылғы жылғы жолдауының мазмұнын баяндап, оның ерекшеліктеріне, мақсат-бағдарламаларына тоқталды.