Архив событий

13/02/2017

Атырау қаласы прокуратурасының прокуроры алаяқтық қылмыс жасады деп күдіктенуде

13/02/2017

Атырау қаласының №2 сотына облыс прокуратурасының арнайы прокурорының К.А.-ға қатысты «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану туралы өтінішхаты түсті.

Арнайы прокурордың өтінішхатынан облыс прокуратурасының біріңғай базасында алаяқтық әрекеттер фактісі бойынша Атырау қаласы прокуратурасының қызметкері  К.А.-ға қатысты екі азаматтың арызы тіркелгені көрінеді.

 Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, прокуратура қызметкері алдау жолымен жәбірленушілердің ақшалай қаражаттарын иемденген.

Атырау облысы соттарының судьяларының қатысуымен семинар сабақтар өтті

13/02/2017

2017 жылдың 10 ақпанында Атырау облыстық сотында Атырау облысы соттарының судьяларының қатысуымен семинар сабағы өткізілді.

Аталған шарада Атырау облыстық сотының судьясы Р.Аққұлова судья әдебінің сақталуы бойынша мәселер төңірегінде баяндама жасады.

Ішкі қауіпсіздік және соттарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімінің басшысы С.Бисенов сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ескерту мәселелері бойынша дәріс оқыды.

Полиция қызметкері пара алу сәтінде құрықталды

13/02/2017

Атырау қаласының №2 сотының тергеу судьясы  Мақат ауданық Ішкі істер бөлімінің криминалдық полиция бөлімшісінің жедел уәкіліне қатысты «үйқамақ» түріндегі  бұлтартпау шарасына санкция берді.

Тергеу деректеріне сай, полиция қызметкері пара алған үшін күдіктелінген.

С.А. үш адам Р.Т., А.Ж., М.Қ.-ны «Газель» автокөлігімен құрылыс материалдарын ұрлап жатқан жерлерінен ұстап, Қазақстан Республикасының ҚК-нің 188 бабының 2 бөлігі 1-тармағымен белгісіз тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғаған.