Архив событий

02/02/2017

Жылыой аудандық сотында ашық есік күні өтті

02/02/2017

Соттардың ашықтығын қамтамасыз ету, азаматтардың сот жүйесіне деген сенімін арттыру мақсатында Атырау  облысы Жылыой  аудандық соты аудан тұрғындары үшін Ашық есік күнін өткізді.

Сот төрағасы А.Саудабаев Құлсары қаласының тұрғындарымен кездесті.

Азамат Р. мұра мерзімін қалпына келтіру мәселесі бойынша және О. есімді азамат еңбек өтілін анықтау жөнінде сұрақпен жүгінді.

Автобустағы қалта қаққыш қамауға алынды

02/02/2017

Атырау қаласының № 2 сотының тергеу судьясы  Атырау қаласының ішкі істер басқармасының тергеушісінің У.А.-ға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі  бұлтартпау шарасына санкция беру туралы өтінішті қарады.

У.А. ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін бірнеше рет жасырын жымқыру болып табылған қылмыстық құқық бұзушылық іс әрекетін жасағаны үшін күдіктінеді.

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі сотында Елбасының ел халқына арнаған жолдауы талқыланды

02/02/2017

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ел халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаhандық бәсекеге қабілеттік» тақырындағы жолдауы судьялар мен мамандары арасында талқыланды.